打开App
封面图
打开西瓜视频,看完整高清内容
0粉丝undefined视频
关注

АЖЫРАСУ I Жетедi!!! Кетедi бұл үйден!! Қазымыр, Қатыгез, Құр кеуде Қалсыншы қырсығын құшақтап! Жайылып жастық боп, Жолына құрбан боп, Жанын сап, Жер жамап жүрсе де Жөн бiлер жар қайда? Бұлағын суалтқан, Құрағын қуартқан Құр күйбең Қу тiрлiк, Қор болған махаббат, Қар жауған қабақтың құлы ма ең? Жас жуған көкiрек, Жасыңан жас жiгер, Жаралы жүрек пен Жүн болған жүйкенiң Бодауын кiм берер? Жетедi! Кетедi бұл үйден! Тұщы еттiң тартуы – Ап-ащы таяқ па? Жазықсыз жүректiң жүлдесi – Сұп-суық сөз бе едi? Жекуден жер болған Жасқаншақ жас перзент, Жел соқса желп етер, Жапырақ болды ма? Өскелең өндiрдiң Өмiрiн өксiтiп, Өзегiн өртетiп, Өрiсiн тарылтып, Өңез жеп жүргенше, Өлгенi артық-ау! Жетедi! Кетедi бұл үйден!!! II Көшеде – күн кетiп барады. Көк такси көлденең тоқтады. Жас әйел, Жас сәби, Тамшы жас... Тамшы жас – кебуге айналған, Ең соңғы тамшысы ол, Тартылған дарияның, Ең соңғы нүктесi ол, Ең соңғы сөйлемнiң Жалаңбас жас жiгiт Жан-дәрмен жүгiрiп келедi. Жүйткiген жұлдызға Жүгiрiп кiм жеткен? ..

0次播放2024-08-26发布
相关推荐
评论 0
打开App观看
355次播放3天前